Жазғы Универсиада: Қоржынға алғашқы медаль түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Тайбэеде өтіп жатқан Жазғы Универсиадада қазақстандық Арли Чонтей 56 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ауыр атлетика бойынша жарыстан қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Sports.kz.

Оның үздік нәтижесі - 258 келі (115+143). Күміс жүлдені доминикандық Луис Альберто Гарсия - 263 (119+144), ал «алтын» медальді Универсиаданың рекордын орнатып, солтүстіккореялық штангист Чол Юн Ом - 294 (129+165) қанжығасына байлады.

Чонтей Рио-де-Жанейрода өткен 2016-Олимпиадада өзінің салмақ дәрежесінде төртінші орынды иеленіп, жүлдесіз қалған еді.

Айта кетейік, Солтүстік Кореяның намысын қорғаған қазіргі рекордсмен ол кезде күміс алған. 

Соңғы жаңалықтар