Жазасын өтеушілерді бостандыққа бейімдеу белсенді жүргізілмек

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Ішкі істер министрлігі, әкімдіктер мен қылмыстық-атқару органдар қызметкерлері түзеу мекемелерінен босап шыққан жазасын өтеушілерді әлеуметтік сауықтыру бойынша жұмыстарды күшейтуге ниетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қарағандыда өткен көшпелі отырыста сотталушылардың колонияларда болуы, олардың босатылуы, бостандыққа бейімделуіне қатысты түйінді мәселелер талқыланды.

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Берік Бейсенқұлов сотталушылар жазасын өтеп, бостандыққа шыққаннан кейін мемлекеттің көмегіне мұқтаж болатындығын атап атты.

«Жазасын өтеушілерге бостандыққа шыққаннан кейін әлеуметтік, медициналық және өзге де көмектер көрсетіліп, олармен сәйкес тәрбие жұмыстарын жүргізу қажет», - деді вице-министр Берік Бисенқұлов.

Өз кезегінде сөз алған ҚР Бас Прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов: «Бұрын сотты болғандарға әлеуметтік бейімдеу көмектері тиімді болған сайын қазақстандықтардың өмір сүру ортасы қауіпсіз бола түседі, - деді.

Соңғы жаңалықтар