Жазасын өтегендерге «сотталмаған» деген анықтама беріледі

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Бұрын соттылығы болған азаматтан жазасын өтеп келгеннен кейін оның сотталғандығы туралы мәлімет алынып тасталады. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Атырау облысы бойынша басқарма басшысының орынбасары Жәнібек Семғалиев мұның себебін түсіндірді, - деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қылмыс жасағандығы туралы мәліметті жою үшін тиісті жазасын өтеп келген азамат жеке куәлігімен халыққа қызмет көрсету орталығына баруы тиіс. Сол жерде ол өтінішін толтырып, 3 минут ішінде соттылығы жоқ туралы анықтама құжат ала алады. 

- Кейбір мекемелер азаматтарды жұмысқа қабылдау кезінде олардан сотталмағандығы туралы анықтама әкелуді талап етеді. Бұл бұрын соттылығы болған азаматтардың наразылығын тудырып келген еді. Азаматтардың құқын қорғау мақсатында осы мәселе Бас прокуратурада қаралды. «Мемлекеттік қызметтер туралы» ҚР Заңының 13-бабына сәйкес, стандартты түрде көрсетілетін мемлекеттік қызмет тізімдемесіне қызметті енгізген күннен бастап үш айдың ішінде бекітіледі, - деді басқарма басшысының орынбасары Жәнібек Семғалиев.

Енді, 2017 жылдың 2-тоқсанынан бастап бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған, соттылықтары жойылған немесе алынып тасталған азаматтар анықтаманы «Соттылығы жоқ» деген белгімен ала алады.

  

Соңғы жаңалықтар