Жаз мезгілінен бері 630 шақырымнан астам теміржол жөнделді - ҚТЖ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат- «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалының магистральдық желі дирекциясы жаз мезгілінен бері республикалық маңызы бар 630 шақырымнан астам теміржол желісін ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізді, деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Оның ішінде күрделі жөндеу жасалған 317,5 шақырымға рельс торкөздері төселді. Орташа жөндеу жұмыстары 77 шақырымға жүргізілсе, 237 шақырымдағы жолдарда рельстер түгелдей жаңартылды.

«Жөндеу жұмыстары барысында 51,9 шақырымның рельс тіректері ауыстырылса, 330 шақырымның балласт қабаты тазартылды. 2840 шақырымдық жолдағы рельстер қайралды. 1590 шақырымдағы жол түзетілді»,-дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалының Жол және ғимараттар жөніндегі директоры Аманқос Баймағамбетов.

Маусымдық жөндеу жұмыстарының нәтижесінде жолаушылар пойыздары 175 шақырымдық жаңғыртылған жолда үлкен жылдамдықпен жүре бастады. «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойыздары 144 шақырымда, жүк пойыздары республикалық деңгейдегі 154 шақырым магистральда жылдамдықтарын көтере алады.

«Жылма -жыл «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы - Магистральдық желі дирекциясы жасаған түрлі жөндеу жұмыстарының нәтижесінде теміржолды қайта жаңғыртып, пойыз қозғалысының қауіпсіздігін жақсартып, жүк және жолаушылар пойыздарының жылдамдығын көтеруге сүбелі үлестерін қосуда»,-дейді А. Баймағамбетов.

Соңғы жаңалықтар