Жайылымдағы 15 қой жай түсіп, өртеніп кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанның Талас облысында жайлауда жүрген малға жай түсті. Салдарынан 15 қой өлген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Кабарға сілтеме жасап.

Оқиға 29 наурыз күні Жайылған ауылында болған. Абырой болғанда, табиғат апатынан жергілікті тұрғындар зардап шеккен жоқ.

Шопанның айтуынша, күндізгі сағат 14:30 шамасында жай түсіп, сол маңда жайылып жүрген қойларды түгел өртеп жіберген. Ол шығын туралы малдың иесіне хабарлаған.

Соңғы жаңалықтар