Жайық өзенінен аяқ-қолы байланған Ресей азаматының денесі табылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау қаласындағы Жайық өзенінен аяқ-қолы байланған Ресей азаматының денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«1964 жылы туған ер адамның мүрдесі Жайық өзенінде су насосты станса аумағында табылды. Мерт болған азаматтың аяқ-қолы байланған, зорлық-зомбылықпен өлтіру белгілері бар. Анықталғандай, ол Қазақстанға Ресей Федерациясының Астрахан облысымен шекарадағы өткізу бекетінен автокөлікпен өткен», - деп мәлім етті облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.

ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. 

Соңғы жаңалықтар