Жайық өзенінен 160 келілік қортпа балығы ауланды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Көктемнің алғашқы күнінде Жайық-Каспий бассейнінде балықшылардың қармағына салмағы 160 келілік қортпа түсті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Амангелді атындағы өндірістік кооперативтің балықшылары табиғи ортада жойылып бара жатқан қортпа балықты аулап алды. Ол Жайық өзенінің Кіші Дамба учаскесінде торға түсті. Уылдырықты екен, ол бекіре тұқымдас балықтардың шабақтарын өсірумен айналысатын Жайық-Атырау балық өсіру зауытына жіберілді», - деп хабарлайды Атырау облыстық жануарлар әлемі мен орман шаруашылығы аумақтық инспекциясының ресми өкілі Олег Тушканов.

Еске сала кетейік, қортпа Жайықта соңғы рет 2015 жылы ауланған еді.

 

Соңғы жаңалықтар