Жауын-шашынға байланысты ескерту 25 наурызға дейін ұзартылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде жарияланған жауын-шашын мен көктайғаққа байланысты ескерту 25 наурызға дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің хабарлауынша, 23-25 наурыз күндері Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарында жауын-шашынның түсуіне және жылы ауа температурасының сақталуына байланысты еріген қар суының тасуы, су басу қауіптері бар.

23-24 наурыз күндері Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында ауа температурасы көтеріліп, жауын-шашын түсуіне байланысты еріген қар суы жиналып, су деңгейі көтерілуі мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысында да 23-26 наурыз күндері ауа температурасы көтеріліп, жауын-шашын кей жерлерде толассыз жауып, мұз жабынына зақым келтіріп, су тасқынына әкеп соғуы мүмкін. 

23-26 наурыз күндері Алматы, Жамбыл облыстарында жаңбыр жауады деп күтілуде. Салдарынан су деңгейі көтеріліп, ағын сулар пайда болуы мүмкін. 23 наурыз күні Алматыда нөсер жаңбыр жауады.

23-25 наурыз күндері Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында жауын жауып, ауа температурасы көтеріліп, өзен алаптарын су басуы мүмкін.

Бұған дейін мереке күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын, қар аралас жаңбыр жауатынын хабарланған еді.

Соңғы жаңалықтар