Жауын, найзағай, шаңды дауыл - Сәрсенбіге арналған ауа райы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 2 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, найзағай күтіледі, оңтүстікте шаңды дауыл болады. Кей жерлерде желдің күшеюі, тұман күтіледі. 

Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, тұман  түседі.

Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында найзағай болады. Алматы, Қарағанды облыстарында, күндіз Батыс Қазақстан облысының, түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-23 м/с күшейіп, найзағай ойнайды.

Қызылорда облысының, күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, Қызылорда облысында шаңды дауыл соғуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар