Жатақхана мәселесін шешу үшін Астанада 10 жер учаскесі белгіленді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жатақхана мәселесін шешу үшін Астанада жалпы аумағы 10,4 га болатын 10 жер учаскесі белгіленді. Бұл туралы Елорданы одан ары дамыту тақырыбына арналған мәжілісте Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Бес әлеуметтік бастаманың» бірі болып табылатын жатақхана мәселесін шешу ерекше бақылауда. Қазіргі таңда төрт Жоғарғы оқу орны бойынша (Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университет, Астана қаласының Медициналық университеті, Қазақ ұлттық өнер университеті) жатақханаларда 9750 орынның қажет екені есептеліп отыр», - деді әкім.

Қала басшысының айтуынша, осы мақсатта (жатақхана құрылысы үшін) жалпы аумағы 10,4 га болатын 10 жер телімі белгіленген.

«Балама ретінде сонымен қатар, нарықтық механизмдерді ұсынамыз. Нақтырақ айтқанда, біздің қалада 35 колледжде 26 мың студент оқиды. Олардың 1800-і жатақханамен қамтылған (11 жеке, 9 мемлекеттік). Әлі де 2100 орынға қажеттілік бар. Қазіргі уақытта жалпы қоры 9 мың төсек орын болатын қалада 100 «жұлдызсыз» отель бар. Олар мемлекеттік-жекеменшіктік серіктестігі аясында студенттерге қызмет ете алады. Бұл біздің уақыт пен ақшаны үнемдейді. Осыған байланысты ұсынысты ҚР Білім және ғылым министрлігіне дайындап жатырмыз», - деді Әсет Исекешев.

Соңғы жаңалықтар