Жасыл технологиялар бойынша Орталық Азия хабына айналуымыз керек - Рәпіл Жошыбаев

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - 17-22 сәуір күндері «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ басшысы Рәпіл Жошыбаев Бейжің мен Шанхай қалаларына сапарлады, деп хабарлайды ҚазАқпараттың Қытайдағы меншікті тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен 17-22 сәуір күндері Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы құрылған болатын. Қазіргі уақытта бұл жаңа саладағы әлемдік тәжірибелерді зерттеу үстіндеміз. Қытайға келместен бұрын, біз Оңтүстік Корея, Жапония, АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері мен  Еуропа елдерінің алдыңғы қатарлы тәжірибелерін зерделеп көрдік. Қытай ғылым академиясы жанындағы Қашықтықтан зондтау және цифрландыруды зерттеу орталығында табысты кездесулер өтті. Бұл - экология, қалдық және өге де өзекті мәселелермен тығыз байланысты ынтымақтастықтың өте қызық бағыты», - деді Р. Жошыбаев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатта. 

Сонымен бірге, Р. Жошыбаев Жібек жолы академиясының, ҚХР Реформалар және даму істері бойынша мемлекеттік комитеті, ҚХР Мемлекеттік энергияны үнемдеу орталығының өкілдерімен және Қазақстан экономикасына жасыл технологияларды енгізуді инвесициялауға қызығушылық танытқан бизнес-құрылымдармен келіссөздер жүргізді.

«Сапар барысында Қытайдың шетелдік экономикалық ынтымақтастық ұлттық корпорациясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойдық. Бізге күн панельдерін, жел стансалары мен су электр стансаларын шығару саласындағы бірқатар ірі компаниялар таныстырылды. Бірлесіп жұмыс істейтін көптеген серіктестер табылды», - деді сказал Р. Жошыбаев.

Шанхайда Жаңа технологиялар басқармасының бас инженерімен және «жасыл экономика» саласында жұмыс істейтін қытайлық компаниялардың өкілдерімен келіссөздер жүргізілген.

«Қытай жаңартылатын энергия көздерін өндіру бойынша әлемде екінші орын алады. Біздің орталық жасыл технологияларға қол жеткізуде, оларды енгізуде Орталық Азияның хабына айналуы тиіс», - деп атап өтті Р. Жошыбаев.

Еске сала кетсек, Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы ЭКСПО-БҰҰ халықаралық орталығының базасында жұмыс істейтін болады. Жаңа орталық «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі мұрасының идеологиялық жалғасы болады, сондай-ақ ол жасыл экономиканы дамыту саласында әлемдік қауымдастық арасындағы стратегиялық әріптестік қатынастарды орнатуға бағытталған. Бұған қоса бұл қазақстандық жобаларға инвестициялар тартуға жол ашады.

17-18 мамыр күндері өтетін Астана экономикалық форумындағы сессиялардың бірі жасыл экономика тақырыбына арналмақ.

Автор: Садық Акижанов

Соңғы жаңалықтар