Жасы келген елшілердің барлығы қызметінен босатылады - Назарбаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жасы келген елшілердің барлығы қызметінен босатылып, олардың орнына жаңа елшілер тағайындалатын болады». Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің Сыртқы істер министрлігінің басшылық құрамымен кездесу кезінде мәлім етті.

«Жалпы, елшілікте кадр мәселесіне жақсылап қарауымыз керек. Ресей, Қытай, Еуропаның Германия, Франция сияқты кейбір елдерінде, Америка Құрама Штаттарында біздің сауда-саттықпен шұғылданатын уәкілдеріміз болуы керек. Барлық елдер солай жасайды. Экспортқа шығатын тауарларды, бері қарай инвестиция тарту; мен барып келісіп кеткен жерлерде солардың артынан жүріп, шақырып алып келіп, қай жерде кіммен сөйлесу керектігін көрсететін елшілер болады. Тек қана сыртқы саясатпен отырамыз деген болмайды. Біз Ресей, АҚШ сияқты сыртқы саясатымыз дүниенің барлығына ықпалын тигізіп отырған үлкен ел емеспіз. Біз өз жағдайымызды ойлауымыз керек», - деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар