Жастар «Шабыт» фестиваліне мүсіндер, зергерлік және тоқыма бұйымдар алып келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтіп жатқан «Шабыт» фестивалінің «Бейнелеу өнері» номинациясына 200-ден астам жас суретші мен мүсінші қатысып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Астана қалалық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасынан мәлім етті.

Биыл аталған номинацияға мүсін және сәндік-қолданбалы өнер бойынша жұмыстар қабылданған. Тоқтар Ермеков, Құттыбек Жақыпов, Батима Заурбекова сияқты танымал өнерпаздардан құралған қазылар алқасы байқаудың қорытындысын ертең жариялайды.
null 

«Қатысушылар бірнеше еңбектерін жіберді, олардың ішінде ұжымдық жұмыстар да болды. Оның барлығын Тәуелсіздік сарайының галереясынан тамашалауға болады. Жас дарындар қазылар алқасының назарына гобелендер, картиналар, мүсіндер, керамикалық бұйымдар мен зергерлік әшекейлер, текеметтер мен басқа да заттарды ұсынуда. Екінші кезеңге жүзге жуық жұмыс іріктеп алынды. «Шабыт» жас дарындардың ой-өрісін кеңейтуге және өз күшін бағалауға мүмкіндік береді», - деді қазылар алқасының мүшесі Құттыбек Жақыпов.

Конкурсқа қатысу үшін арнайы Алматыдан келген Назима Рыспекова байқауға өз қолымен жасаған сырғасы мен сақинасын ұсыныпты.

«Мен «Бақыт құсы» атты композицияны ұсындым. Сырға мен сақинада қыран бейнеленген және ол ұлттық нақыштағы оюлармен өрнектелген. Басқа қатысушылардың жұмыстарымен танысқан соң, әлі де көп еңбектенуім керектігін түсіндім. Мұнда дарынды жастар көп», - деді өз әсерімен бөліскен конкурс қатысушысы.
null 

Айта кетейік, байқауға қатысушылар мүсін мен сәндік-қолданбалы өнер бойынша үш орынға таласады.

  

Соңғы жаңалықтар