«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы Дін істері министрлігіне берілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС  Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 4 қыркүйектегі қаулысымен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі мемлекеттік қатысу үлесіне иелік ету және пайдалану құқықтары ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне берілді», - делінген таратылған хабарламада.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ҚР Білім және ғылым министрлігінің қарамағында болды.

Орталықтың Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қарауына өтуі мемлекеттік жастар саясатын іске асыру тиімділігін, сондай-ақ жастармен жұмыс жасайтын мамандардың құзірет деңгейін арттырмақ. Онымен бірге, жастар арасындағы тәуекелді анықтау және алдын алу бойынша жедел шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы 2013 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің  жанында құрылды. Орталық ерекше мәртебеге ие. Оның қызметі «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген. Заңның 24-бабына сәйкес аталмыш орталық ғылыми зерттеулер жүргізеді және мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Орталық жыл сайын жастар арасында әлеуметтік зерттеулер жүргізеді, «Қазақстан Жастары» Ұлттық баяндамасын, жастар саясатының институттарына арналған әдістемелік құралдар мен ұсынымдарды әзірлейді. Сондай-ақ жүйелі түрде жастармен жұмыс жасайтын мамандардың құзіретін арттыру бойынша іс-шаралар жиынын өткізіп тұрады.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар