«Жасотандықтар» Тарбағатай ауданына гуманитарлық заттар жіберуде

None
None
СТАНА. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - «Жас Отан» су тасқынынан зардап шеккен Шығыс Қазақстанның Тарбағатай ауданына республика тұрғындарынан жиналған гуманитарлық заттар жіберуде,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тарбағатай мұңы - бүкіл Қазақстанның мұңы» атты гуманитарлық акциясы аясында «Нұр Отан» ХДП-нің «Жас Отан» жастар қанатының облыстық, Алматы және Астана қалаларындағы филиалдары жұртшылықтан гуманитарлық заттар жинау үшін бекеттер ашты. Онда қала тұрғындарынан киім-кешек, дәрі-дәрмек, азық-түлік қабылдануда. Осындай бекеттер Астана қаласында «Сарыарқа», «Мега» және «Керуен» сауда орталықтарында ұйымдастырылды.

«Сәуірдің 2-сі күні Қарағанды қаласының филиалы бірінші болып гуманитарлық жүк жөнелтті. Осы айдың 9-ы күні аталмыш ауданға Тараз қаласынан азық-түлік, киімдер мен дәрі-дәрмек тиелген «Газель» автокөлігі барады. Өз жәрдемдері мен ниеттерін көрсетіп, елдігімізді, Қазақстан елінің жомарттығын байқатып жатқан азаматтарға алғыс айтамын», дейді «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшысы Нұрлан Өтешев.

Оның айтуынша, Қытайда оқып жүрген қазақ жастары да бұл игі істен тыс қалмай, 14 қорап гуманитарлық жүкті ұшақпен жіберген.

Наурыздың 17-сінде күннің күрт жылынуы және қардың еруі салдарынан Тарбағатай ауданының 20 шақты елді мекені тасқын судан зардап шекті. Әсіресе, Көкжыра және Жантекей ауылдарының жағдайы ауыр. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметтері бойынша, табиғат апатының салдарынан ауданда 500-дей үй қирап, 10 мың бастан астам мал (бейресми мәліметтер бойынша, 35 мыңдай) опат болды. 7 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Соңғы жаңалықтар