Жасөспірім тауып алған 70 мың долларлық гауһартасты иесіне қайтарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанда 15 жастағы жасөспірім қап түбінен жалпы құны 4,5 млн рупий (70 мың доллар) тұратын гауһартасты тауып алып, оны иесіне қайтарып берді. Бұл туралы ТАСС хабарлайды.

Оқиға Үндістанның Сурат қаласында болған. Қымбат бағалы тасты тауып алған Вишал Упадхай мен оның әкесі бірден заттың иесін іздеген. Гауһартас Сурат алмаз қауымдастығына тиесілі болып шықты.

Жас баланың адалдығына риза болған қауымдастық басшысы Вишаланың білім алуына қаржылай көмек көрсететіндігін хабарлап үлгерді.

«Алмас қауымдастығы Вишаланың адалдығы үшін оның бір жыл ішіндегі білім алу шығындарын көтереді. Ал оның болашағы өзіне байланысты, ол бір жерді тесіп шығатындығына сенемін»,- деді қауымдастықтың президенті Динеш Навадия.

Соңғы жаңалықтар