Жасөспірім 35 секундтың ішінде басымен 111 бетон блокты сындырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Високо (Босния және Герцеговина)  қаласында 16 жастағы Керим Ахметспахик (Kerim Ahmetspahic) 35 секундтың ішінде бірнеше рет аунап түсіп, 111 бетон блокты басымен сындырды.

Видео жазбаны  26 наурызда Sky News жариялады.

Жасөспірім әлемдік рекорд орнатқаны атап өтіледі, алайда Гиннес рекордтар кітабының шешімі әзірге белгісіз.

Daily Mail ақпаратына сәйкес Ахметспахик тхэквондо чемпионы. Бірақ оның қандай жарысқа қатысқаны айтылмай отыр.

Соңғы жаңалықтар