Жасанды «өнім» таратып келген 16 цехтың жасырын әрекеттері әшкереленді - Атырау

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Жасанды «өнімін» ел бойынша емін-еркін саудалап келген 16 цехтың жасырын әрекеттері әшкереленді.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Атырау облысы Әділет департаменті зияткерлік меншік құқығы жөніндегі бөлім басшысы Мәди Мұхсанов мәлім етті.

 Оның айтуынша, цехтарда «Пиала» шайы, «MacCoffee» кофесі,  «Mobil» мотор майы логотиптерімен және  ірі алкогольді компаниялардың ресми дистрибьюторы болып табылатын «Стэлл», «Вавилон», «ПерноРикар Казахстан», «ChivasHoldingsLimited», «MartellandCo» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің тауар белгілері жапсырылған контрафактілік өнімдер еш кедергісіз дайындалып келген.

  «Өткен жылы ғана Атырау облысы мемлекеттік кіріс департаменті «Айал Снаб Сервис» ЖШС-нің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі істі тіркеді. Аталмыш компания Атырау қаласындағы Жұлдыз ықшамауданы,  Аюпова А., 42, Элеваторная, 4 мекенжайларында орналасқан цехтарды жасырын құрал-жабдықпен қамтамасыз етіп келген. Ол цехтарда «Shell» маркасымен жалған мотор майы, яғни контрафактілік өнім дайындалған» деп атап өтті Мәди Мұхсанов.

Баян Жанұзақова 

Соңғы жаңалықтар