Жас жігіттің қос бүйрегін рұқсатсыз алу дерегі бойынша сот алды тергеу басталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті қаза болған Серікболсын Көшербайдың бүйрегін алу дерегі бойынша сот алды тергеу жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті Қылмыстық кодекстің «Адам мәйітінің ағзалары мен тіндерін заңсыз алып қою» бабы бойынша сот алды тергеу жұмыстарын бастады. Қазіргі уақытта кешенді тергеу жүріп жатыр»,- деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Серікболсын Көшербайдың өліміне қатысы бар Байғанин ауданының тұрғыны сот санкциясымен қамауға алынды. Бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша сот алды тергеу басталды. Егер күдіктінің қылмысы дәлелденсе ол 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бұған дейін хабарлағанымыздай , ақтөбелік дәрігерлер 22 жастағы жігіттің екі бүйрегін екі адамға еш рұқсатсыз салып берген болатын.

Бұл оқиға бойынша Денсаулық сақтау министрі Ержан Біртанов өз пікірін білдірген еді. Сондай-ақ, бүгін №2 Ақтөбе қалалық сотында марқұмның қарындасы Балдәурен Нұрбылаеваның арызы қаралды. Осы сот алды дайындыққа донор мүшелерін алған дәрігерлер қатыспады . 

Соңғы жаңалықтар