Жас каратистер Петропавл дәмханасында ішкен кешкі астан уланып қалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат -  Республикалық спорт жарысының қатысушылары Петропавлда дәмханалардың бірінде кешкі ас ішкеннен кейін ауруханадан бір-ақ шықты, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті басшысының м.а. Татьяна Горлованың ақпаратына сәйкес, СҚО-да кекушинкай каратэ бойынша ашық чемпионатына қатысып жатқан 11 сортшы (9 - 17 жас аралығындағы) өткір ішек инфекциясын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті.   

 «Қазіргі уақытта департамент күші эпидемияға қарсы шара ұйымдастыруда», - деп хабарлады Татьяна Горлова.

Департаменттің баспасөз қызметінде мамандар азық-түліктен сынама алып, қазметкерлерді тексергенін атап өтті. Талдаудың алғашқы нәтижесі бес күннен кейін әзір болады.

Соңғы жаңалықтар