Жас ғалым: Экономиканың ақпараттық тех­нология арқылы дамуы - әлем­дік жол

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- Экономиканың ақпараттық тех­нология арқылы дамуы - әлем­дік жол. Осы жолға қадам басуға арналған Жолдаудың орны ерекше. Мұндай пікірді Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі, PhD докторы  Сәбит Ибадулла білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елбасының биылғы Жолдауы еліміздегі төртінші өнеркəсіптік революция жағдайын дамытуға арналды. Сонымен қатар оны жүзеге асыруға бағытталған негізгі 10 міндет те атап өтілді.  Бүгінгі күні заманауи технологиялардың қарқынды дамуына байланысты әлем көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп жатыр. Негізгі міндеттердің басым бөлі­гінде әртүрлі салаларда заманауи технологияларды пайдалана отырып, цифрландыру арқылы экономикалық және индустриялық дамуды жүзеге асыру айқындалды. Оның ішінде индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс екені аталды», - деп атап өтті ол.

Сәбит Ибадулланың айтуынша, облыс  әкімдігінің қолдауы­мен ақпараттық технологияларға қызығушылығы бар жергілікті жас­­­тарға арнап «HackDay» кон­кур­сы ұйымдастырылған. Аймақта ІТ бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақ­сатында өңірлік кеңес құры­лып, жұмыс атқарып келеді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік уни­вер­­ситетінің басшылығы ақпа­раттық технологиялардың елі­міздің эко­но­микалық үдері­сінде алатын орнын ескере келе, үздік түлектерді шетелдік жоғары оқу орындарына университеттің арнаулы қаржысы есебінен жіберіп келеді.

«Осы бағдарлама арқылы мен Мәскеу қаласындағы Ресей халықтар достығы уни­­­верситетінде робототехника бойынша PhD докторантурада оқыдым. Ғылыми бағытымдағы мәсе­лер мен шешімдер осы Жолдаудың негізгі міндеттеріне ен­ге­нін қуанышпен қабылдадым.

Экономиканың ақпараттық тех­нология арқылы дамуы - әлем­дік жол. Осы жолға қадам басуға арналған Жолдаудың орны ерекше. Әсіресе, негізгі 1-ші міндетті IT саласындағы мамандар шын ниетімізбен қолдаймыз және жүзеге асыруға күш жұмылдырамыз. Жас мамандар жаңа технологияларды жылдам әрі сапалы түрде игеріп, бүкіл әлемде Қазақстанның IT бағытын жоғары көрсеткіштермен таны­туға жұмыс жасауға дайын», - деді жас ғалым.

 

Соңғы жаңалықтар