Жас футболшы қыздарымыз Грузияда өткен кубокта екінші орын алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Грузияда өткен «Даму кубогының» соңғы матчында Румыниядан басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кездесу Тбилиси қаласындағы Давид Петриашвили атындағы стадионда өтті. Біздің қыздар Румыния құрамасын 2:0 есебімен ұтты. Дубль авторы - шабуылшы Татьяна Герасимова», - делінген Қазақстан футбол федерациясының сайтында.

Қазақстан құрамасы «Даму Кубогы - 2018» халықаралық турнирінде екі ойында жеңіске жетіп, екінші орынды иеленді.

Румыния U-17 - Қазақстан U-17 - 0:2 (0:0)

Голдар: Герасимова 60, 70.

Қазақстан құрамасы U-17: Оразбекова, Исмаилова, Бурова, Көпжанова, Иванова, Кенжетай, Садықова (к), Ташмет, Айтымбетова (Герасимова 36), Артықбай, Махаматова (Шалмұқанбетова 25, Мұқашова 79).

Бас бапкер - Орынбасар Дәуренбекова.

 

Соңғы жаңалықтар