Жас дизайнерлер мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған киім топтамасын шығарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың жас дизайнерлері мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған киімдер топтамасын шығарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Нұрлы жүрек» оңалту орталығындағы балалар қазақ ертегілеріндегі ханшайымдар мен Олимпиада спортшыларына айналып шыға келді.

2  

Ерекше киімдерді Қазақ технология және бизнес университетінің студенттері балалардың жасы мен ерекшеліктерін ескере отырып әзірлеген. Аталған шара ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының «Мейірім керуені» атты қайырымдылық жобасы аясында жүзеге асырылуда. 

1 

Сонымен бірге, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының қолдауымен, Қазақ технология және бизнес университеті Астана қаласындағы №1 балалар үйінің 15 тәрбиеленушісіне қысқа мерзімді курс жүргізуде. Атап айтқанда, 9-10-11 сыныпта оқитын тәрбиеленушілер мейрамханалық бизнес, аспаздық, киім дизайны және компьютерді меңгеру бойынша оқып жүр. Оқыту аяқталған соң берілетін сертификаттар балалардың болашақта осы кәсіптер бойынша білім алуына немесе жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар