Жас бухгалтер 6 миллион жымқырамын деп, 6 жылға сотталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Семей қалалық соты Знаменка ауылы мектебінің 27 жастағы есепшісін алты жылға бас бостандығынан айырып, білім беру бөліміне мектеп қазынасынан ұрланған 6 миллион теңгені қайтарып беруге міндеттеді. Ол сот залында қамауға алынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Знаменка ауылының мектебінде жұмыс істеген  жас бухгалтер бұл қызметке декреттік демалысқа кеткен маманның орнына уақытша келген. Бойжеткен қыз мектеп қызметкерлерінің барлық қаржылық есебін жүргізіп, екі жылдың ішінде өзінің шотына 6 млн теңге аударып үлгерген. Бұл ақша мұғалімдердің еңбекке жарамсыздық парағы мен екі бос орынның жалақысы есебінен үнемделген. Алғашқыда, есепші өзінің шотына 50 мың теңгеден жіберіп отырған, кейін бұл соманы 100 мың теңгеге дейін арттырған.

«Бойжеткен қалалық білім беру бөліміне қаржылық есепті өз уақытында тапсырып отырған, қаржылық айла-амалдар туралы ешкім күдіктенбеген. Мектептің тұрақты есепшісі декреттік демалыстан шыққаннан кейін барлық құжаттарды тексерген және күдікті «қаржылық әрекеттерді» анықтаған»,- деп атап өтті қалалық соттан. 

Соңғы жаңалықтар