Жартылай жалаңаш елордалық тұрғын көшедегі көліктерді зақымдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Иманов көшесі бойындағы аулалардың бірінде жартылай жалаңаш ер адам бірнеше автокөлікті зақымдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат elorda.info сайтына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, бұл оқиғаны бейнетаспаға түсіріп алғандар оны әлеуметтік желіде жариялаған. Кейін, бейнедегі адам елорда тұрғыны екені анықталды және ол алкогольді мас күйінде болған.

«14 қараша күні сағат 22:30 кезінде Иманов көшесі бойындағы тұрғын үйдің ауласында полицейлер 29 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі кезде келтірілген шығын сомасы анықталып жатыр»,- деп атап өтілген елордалық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінде.

Соңғы жаңалықтар