Жарты миллион қазақстандық тұмауға қарсы екпе жасатты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жарты миллионға жуық қазақстандық тұмауға қарсы екпе жасатты. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта шамамен 500 мың адам екпе жасатты. Олар негізінен медицина қызметкерлері, жүкті әйелдер мен балалар. Ал жұмыс  берушілер болса өздерінің 45 мың қызметкеріне тұмауға қарсы екпе жүргізді», - деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар Комитет басшысының дерегіне сәйкес, шамамен 10 мың қазақстандық өз қаражаттарына тұмауға қарсы екпе жасатқан.

«Бүгінгі күні тұмау тигізу деректері тіркелген жоқ. Аурудың басталуы желтоқсанның ортасына қарай басталады деп күтудеміз», - деді Жандарбек Бекшин.

Соңғы жаңалықтар