Жәрмеңке әлде Орталық базар: Астанада қайсысының бағасы тиімдірек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 13 мамырдан бастап 1 қазанға дейін елордада өңірлердің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуі біраз жылдан бері тұрақты дәстүрге айналғаны белгілі. Мәселен өткен демалыс күндері Астана жұртшылығына Оңтүстік Қазақстан мен Атырау облысының шаруалары өз өнімдерін ұсынған болатын. Осыған орай ҚазАқпарат тілшісі елорданың Орталық базары мен жәрмеңкедегі бағаны салыстырып көруге тырысқан болатын.

Сонымен апта сайын өңірлердің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі «Қазақстан» спорт кешені аумағындағы көлік тұрағы аймағында және «Алай» көлік-логистикалық орталығы маңында өткізіледі. Кейінгі кезде әлеуметтік желіде осы жәрмеңкелердегі бағаның тиімсіздігі жайында пікірлер қылаң бере бастады. Мәселен, елорда тұрғындарының бірі өзінің Фейсбуктегі парақшасында: «Қазақстан» спорт кешені маңындағы ОҚО жәрмеңкесінен қиярдың келісін 300 теңгеден сатып алған едім. Ал «Артемда» (Орталық базар - автор ескертпесі) жергілікті қияр 180 теңгеден. Әкімдік ұйымдастыратын жәрмеңке жайында егжей-тегжейлі білу қажет», - деп жазған еді.  
null

Екі аптадан кейін «Қазақстан» спорт кешені маңындағы  ОҚО тауарлары жәрмеңкесіндегі баға  біршама өзгеріпті. Ендігі уақытта қиярды келісін 150-250 теңге аралығында сатып алуға болады. Бірақ, мұндай баға елорданың Орталық базарында да бар. Мәселен, Шымкенттен жеткізілді деген қиярдың келісін 200 теңгеден таба аласыз. Жәрмеңкеде қызанақтың келісі 300 теңгеден болса, Орталық базардан бұл көкөністі 80 теңге қымбатқа салып аласыз. Ал Шымкенттен жәрмеңкеге жеткізілген картоп, пияз және сәбіздің бағасы 150 теңгеден. Айта кетерлігі, картоп - өткен маусымнан қалған өнім. Оңтүстік фермерлерлерінің айтуынша, биылғы картоп елордаға екі-үш аптаның ішінде жеткізіледі. Алайда елорданың Орталық базарынан Ақмола облысының Макинка елді мекенінен жеткізілген картоптың биылғы өнімінің бір келісі 200 теңгеден толып тұр. Пияз бен сәбіз бұл жерде келісі 170 теңгеден сатылуда. Жәрмеңкеден жұмыртқаның 10  данасын 200 теңгеден, ал Орталық базардан 250 теңгеден сатып аласыз. Тауық етінің (балапан) бір келісі жәрмеңкеде 1 000 теңге, ал Орталық базарда 755-795 теңге аралығында ауытқып тұрады.
null

Соңғы жаңалықтар