«Жаралы періште» фильмі Сочиде өткен кино фестивалінде бас жүлдеге ие болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірінші халықаралық TransformNation Film Awards кино сыйлығының жеңімпаздары бейсенбі күні ХІХ дүниежүзілік жастар және студенттер фестивалінде жарияланды. 

Бас жүлде иегерін көрермендер анықтады. Ол жасөспірімдердің өмірі арқау болған   «Жаралы періште» фильмінің режиссері қазақстандық Эмир Байғазин болды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

«TransformNation Film Awards-тің бас жүлдесін Қазақстан, Франция және Германияның бірлесіп өндірген жобасы «Жаралы періште» фильмі алды, режиссері - Эмир Байғазин», - деп хабарлады сыйлықты ұйымдастыру комитетінің төрағасы, ВФМС-2017 -нің креативті продюсері Илья Бачурин.

Сондай-ақ, режиссер Федор Бондарчук бастаған сарапшылар кеңесі  Байғазинді «Өскелең ұрпақтың армандары мен мәселелеріне назар аударғаны үшін» аталымы бойынша атап өтті. 

Соңғы жаңалықтар