Жапонияның қорғаныс министрі Томоми Инада отставкаға кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның қорғаныс министрі Томоми Инада жұма күні отставкаға кететіндігін мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

«Мен қалыптасқан жағдайға байланысты жауапкерішілікті өзімнің мойныма алып, отставкаға кету жөнінде шешім қабылдадым», - деді Инада Токиода өткен баспасөз конференциясында.

Томоми Инада Оңтүстік Судандағы жапон бітімгерлерінің әрекетімен байланысты жанжалға қатысты болып шықты. Бастапқыда құжаттар жойылды деп есептелген, алайда кейіннен оларды тауып алған, жергілікті БАҚ мәліметі бойынша, ведоство бұл деректі жасырып келген. Инаданың отставка жайлы хабарламасынан кейін премьер-министр Синдзо Абэ оның шешімін қабылдағандығын айтты.

«Мен үкімет мүшелерінің бірі отставкаға кетуге мәжбүр болғаны үшін жапон халқынан кешірім сұрағым келеді», - деді Абэ.

Ол сондай-ақ, ел және оның тұрғындарының қауіпсіздігі үшін үкімет барлық қажеттіліктерді орындайтындығына уәде берді. Абэнің хабарлауы бойынша, Инада отставкаға кеткеннен кейін, оның ведомствосын елдің СІМ-інің басшысы Фумио Кисида қосымша басқаратын болады.

«СІМ басшысы (Фумио) Кисида қорғаныс ведомствосын қосымша басқарады», - деді ол бұл шешімнің ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды екендігін түсіндіріп.

Соңғы жаңалықтар