Жапонияда жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 21-ге жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның батысында қатты жер сілкініп, зардап шеккендер саны 21 адамға ұлғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Риа Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Жапондық Тоттори префектурасында 6,6 магнитудалы жер сілкінісі болды. Ошағы 10 шақырым тереңдікте. Дүмпу күші - 6 балл.
Куәгерлердің хабарлауынша, дүмпулердің күшті болғаны соншалық аяқта тұру қиын болды. Жер асты дүмпуі 47 префектураның 31-інде сезілді. Жер сілкінісінен кейін афтершокты дүмпулер жалғасуда, оның бірінде магнитуда 5,0-ге жетті.

NHK телеарнасының деректеріне сәйкес, қазір өңірде 3,5-тен астам магнитудамен 34 қайталанған жер сілкінісі тіркелді. Метеорологтар афтершок әлі бір апта сақталады деп ескертуде.

Эвакуация бекеттерінде 2 мың 850 адам бар. Бұдан бұрын префектура ғимараттарына келтірілген шығын туралы хабарлама келіп түскен.

Соңғы жаңалықтар