Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 341.61
EUR 410.27
RUB 5.90
CNY 51.98

Жапонияда «Талим» дауылына байланысты 570 рейс ұшпай қалды

Жапонияда «Талим» дауылына байланысты 570 рейс ұшпай қалды
2017 жылғы 17 қыркүйек 13:14 239

АСТАНА. ҚазАқпарат -Жапонияның оңтүстік батысындағы Кюсю аралына жақындап келе жатқан қуатты «Талим» тайфуны салдарынан 573 рейс кейінге қалдырылды. Мұндай мәліметті NHK телеарнасы таратты.

Жапония метрологиялық агенттіктердің мәліметінше, қазіргі уақытта дауыл  Кюсюдің оңтүстік жағалауынан бірнеше ондаған шақырым қашықтықта, сағатына шамамен 30 км жылдамдықпен солтүстік шығысқа қарай жылжып келеді.

Синоптиктер тайфун жүріп жатқан аудандағы желдің жылдамдығы сағатына 35 метрді құрайды, кей жерлерді 50 метрге дейін жетуі мүмкін екендігін ескертіп отыр.

Сондай-ақ, синоптиктер алдағы күндері нөсерлі жауын жауып, салдарынан көшкін мен өзен суларының арнасынан асуы мүмкін екендігін ескертуде.

 «Талим» дауылы биіктігі кей жерлерде 9 метрге дейін жететін толқындар тудырып, жағалаудағы елді мекендерге қауіп тудырып отыр. Сол себепті көп жерлерде паромды бағыттардағы қозғалыстар тоқтатылды. 

 

 

Басты сөздер: Әлем, Төтенше оқиғалар, апаттар,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер