Жапонияда пойыз жолының бұзылуынан 51 мың адам жолда қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Электр жүйесіндегі ақауға байланысты Жапонияның "синкансэн" жүрдек пойызының 51 мың жолаушысы Токио мен Фукуока қалалары арасындағы елдің ең маңызды теміржол тармағында тоқтап қалды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Central Japan Railway  компаниясының өкілі Ясуюки Хамасаки жолаушылардан кешірім сұрады. «Теміржолда орын алған келеңсіздікке байланысты жолаушылардан кешірім сұраймыз», - деді ол баспасөз конференциясында.

Компанияның мәліметінше, электр желісі жұмысының бұзылуы сәрсенбі күні кешке Такацуки қаласының аумағында (Оскак префектурасы) болған, оның салдарынан Токиодан Фукуокадағы Хакат станциясына дейінгі жолдардың барлығынан ақау шыққан.

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге бес сағаттай уақыт кетті, осы аралықта жолда 3-6 сағат бойы 60-қа жуық құрамдар тоқтап тұрды. 

Соңғы жаңалықтар