Жапонияда парламент сайлауы өтіп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда парламенттің төменгі палатасына мерзімінен бұрын депутаттар сайлауы басталды, деп хабарлайды Kyodo.

Жапония азаматтары төменгі палатаға үміткер 1180 кандидаттың арасынан 465 депутатты сайлайды.

Дауыс беру жергілікті уақытпен 20:00-ге дейін жалғасады, бірақ кейбір учаскелерде «Лан» тайфунының салдарынан ерте аяқталуы да мүмкін.

Соңғы жаңалықтар