Жапонияда отставкадағы әскери азамат мереке кезінде өзін жарып жіберді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның қорғаныс саласының отставкадағы қызметкері Уцуномия қаласындағы саябақта мереке өтіп жатқан жерде өзін жарып жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Риа Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Жарылыстың салдарынан екі азамат пен бір бала жарақат алды. Жарылыс болған уақытта самурайлардың киім үлгісіндегі сапқа тізілген балалар саябақтың орталығына қарай жылжып бара жатқан.

Өзін жарып жіберген ер азаматтың денесі мүлдем танымастай болып кеткен. Сол себепті оның кім екенін тек тісі арқылы анықтау мүмкін болды. Ол 72 жастағы отставкадағы әскери Тосикацу Курихара болып шықты. Оның киімінің аман қалған бөліктерінен «Қаныммен өтеймін» деген мағынадағы жазуы бар хат табылған.

Саябақта жарылыс болған сәтте ол жерден 200 метр аймақта орналасқан ақылы көлік тұрағында да жарылыс болды. Полиция қызметкерлерінің анықтауынша, ол жерде Курихараның автомобилі жарылған. Осы күні оның үйі өртеніп кетті.

Полиция тексеру жұмыстарын бастады және адам өлтіруге ұмтылу әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғады.

Соңғы жаңалықтар