Жапонияда Микаса ханзада 101 жасында дүние салды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапония императоры Акихитоның немере ағасы, Микаса ханзада 101 жасында дүниеден өтті, деп хабарлады Киодо агенттігі.

2012 жылы Микаса ханзаданың жүрегіне ота жасалды. Микаса ханзада 1915 жылы 2 желтоқсанда туған және ол Тайсе дәуірі императорының төртінші ұлы болды. Оның ағасы Хирохито Сёва дәуірінде (1926 жылдың 25 желтоқсанынан 1989 жылдың 7 қаңтарына дейін) Жапонияны басқарды. Ханзада мен оның жұбайы Юрико үш ұл мен екі қыз өсірді. Микаса Шығыс тарихы маманы және Жапония Таяу Шығыс мәдениеті орталығы мен «Жапония-Түркия» қоғамының құрметті президенті ретінде танымал. Микаса ханзада жапон императорларының Хризантема тағына үміткерлер арасында бесінші орында болған. 

Соңғы жаңалықтар