Жапонияда мектеп оқушылары қар көшкіні астында қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  -  Жапонияның Насу қаласындағы (Тотиги префектурасы) тау-шаңғы курортында қар көшкіні жүрді. 

Онда бірнеше мектеп оқушысының үйінді астында қалғаны туралы ТАСС агенттігі жергілікті полицияға сілтеме жасап хабарлады.

Kyodo агенттігінің хабарлауынша, құтқарушылар үш адамның мәйітін тапты. Тағы үш зардап шегуші іздестірілуде.

Шипажай аймағында әртүрлі мектептерден барлығы 50-ге жуық оқушы бар. Олар тауға өрмелеу шарасына қатысқан. 

Соңғы жаңалықтар