Жапонияда қартаюдан қорғайтын препарат сынақтан өтіп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда қартаюға қарсы препаратты адамдарға сынап көру жұмыстары басталды. Биологтар дені сау тышқандардың қартаюын баяулататын табиғи байланыстарды тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Өз жұмысында зерттеушілер NAD коферментін жануарлар ағзасында синтездеу үшін жасушаның энергетикалық алмасуына қатысатын NMN нуклеотидін пайдаланған.

NAD коферментін жануарларға тікелей енгізу мүмкін емес. NAD бірігуі майлар мен көмірсуларды сіңіруде көрініс табады. Алайда оның синтезі жастың ұлғаюына байланысты ДНҚ-ның зақымдалу процесін баяулатады. Сонымен бірге, кофермент дененің салмақ жинауына, инсулинге сезімталдықтың жоғалуына және физикалық белсенділіктің төмендеуіне тосқауыл болады.

«Біз қартайған тышқандарда байқалған физиологиялық бәсеңсуді баяулату әдісін көрсеттік. Бұл кәрі тышқандардың күш-қуат және зат алмасу деңгейі жас жануарлар деңгейіне жететінін білдіреді», - деді зерттеудің бірлескен авторы Син-Итиро Имаи.

Суда ертитін NMN үш минутта қанға сіңеді, препаратты жас тышқандар қабылдағанда айтарлықтай нәтиже байқалған жоқ. Адамдар мен тышқан ағзасындағы зат алмасу ұқсас болғандықтан, жаңа зерттеудегі тұжырымдар адамдарға да сәйкес келеді. Мұндай бірігулер брокколи, орамжапырақ, қияр және авокадо секілді бірқатар азық-түлік құрамында бар.

Соңғы жаңалықтар