Жапонияда қар құрсауында қалып қойған пойыз жолаушылары вагондарда түнеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда бейсенбі күні Ниигата қаласынан Нагаокуға жол тартқан жүздеген пойыз жолаушылары қардың қалың түсуі салдарынан қар құрсауында қалып, вагондарда түнелтті. Олар жұма күні таңертең де сол жерде отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ТАСС-қа сілтеме жасап. 

Сандзё қаласының аумағында қалып қойған пойызда 600 адам бар. Құрам әр станцияға дейін 300 метр қашықтықты құрайтын екі станцияның ортасында қалып отыр. Жолаушылар түнде көшеге шықпай, вагонда түнеді. Вагондар жарықпен, жылумен және дәретханамен қамтамасыз етілген. Туыстары күтіп алған жолаушылар ғана пойыздан түсіп кеткен, қазір құрамда шамамен 430 адам бар.

JR East компаниясы теміржол операторының өкілдері жолаушыларға тек таңғысын су мен тамақ жеткізген. Сонымен қатар, бірнеше адам денсаулығының сыр бергеніне шағымданып, ауруханаға жеткізілген. JR East жолды тазалау жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Бұл жұма күні түнде қар құрсауында қалып қойған жалғыз пойыз емес. Тағы үш құрам станцияларда тұр, олардың жолаушылары вагондарда отыр. Алайда, ондағы адамдар саны белгісіз.

Соңғы жаңалықтар