Жапонияда аптап ыстықтан 700-ге жуық адам зардап шекті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 12-18 маусым аралығында ыстық өткен 700-ге жуық адам Жапония ауруханаларына жеткізіліп, оның 2-і қайтыс болды. Бұл өткен аптадағы көрсеткішпен салыстырғанда жүз адамға артық, деп мәлімдеді елдегі жедел жәрдем қызметін қоса атқарып жүрген Бас өрт сөндіру басқармасы, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Агенттіктің мәліметіне қарағанда, бірнеше ондаған адам бір аптадан артық уақытқа ауруханаға жатқызылған. Мамыр айында күннің ыстығынан екі адам қайтыс болған болатын. Жауын маусымының басталғанына қарамастан, елдің басым бөлігінде ауа температурасы 30 градустан түспей тұр. 

Соңғы жаңалықтар