Жапонияда аптап ыстықтан 4 мыңнан аса адам зардап шекті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Жапониядағы аптап ыстық салдарынан кем дегенде үш адам мерт болып, 4,3 мыңдай адам ауруханаларға жеткізіліді, деп хабарлайды ТАСС.

Агенттік таратқан мәліметтерге қарағанда, ыстық өткендердің басым бөлігі егде жастағы адамдар. Соңғы күндері Жапонияның орталық бөліктерінде бұлтты ауа райы орнап, ауа температура 30 градустан жоғары көтерілген жоқ. Бұл өткен аптамен салыстырғанда, аптап ыстықтан зардап шегіп, ауруханаға жеткізілгендердің саны 1,5 мыңға кеміген.

Жапонияда 1 мамырдан бастап ауа температурасының күрт жоғарлауы салдарынан 42 адам мерт болды. Жергілікті билік тұрғындардың мүмкіндігінше көп су ішіп, бас киім киіп жүрулеріне және күн астында көп жүрмеуге кеңес беруде.

Айта кетейік, былтырғы жылы елде аптап ыстық салдарынан 100-ден астам адам қаза тауып, 10 мыңдаған адам ауруханаларға жеткізілген болатын.   

Соңғы жаңалықтар