Жапония жұмысбастылықпен дрон арқылы күреспек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапония жұмысбастылықпен дрон арқылы күреспек, деп жазады The Online Technology . 

Жапондық Taisei компаниясы офиске арналған Taisei дронын көпшілікке таныстырды. Девайс кәсіпорындағы жұмысшыларды бақылап, оларға жұмыс уақытының аяқталғандығы туралы сигнал беріп отырады.

Жұмыс аяғының соңында  ол  төбеге көтеріледі. Егер құрылғы қызметкердің үйіне қайтуға асықпайтынын байқаса танымал Auld Lang Syne әуені арқылы белгі береді. Ол жұмыс уақытының аяқталғандығын білдіреді.

T-Frend кеңістікте GPS-ке қосылмай автономды режимде жұмыс жасайды. Жалпы дрон сатылымға сәуір айында шығарылыпты.

Айта кетейік, Жапонияда жұмыс орнында өлім-жітім мәселесі басты проблемалардың бірі.  Көпшілік жапондық компанияға деген адалдығын білдіру немесе қызметтік мансабын көтеру үшін  демалыс күндері де жұмыс жасауға келісім береді.

Соңғы жаңалықтар