Жапондықтар шетелдіктерге арнап, қауіптерді ескерту жүйесін жасамақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапония билігі шетелдіктерге арнап, болуы ықтимал түрлі қауіп-қатерлер туралы арнайы ақпарат беретін жүйенің жұмысын жолға қоймақ. Бұл туралы жексенбі күні NHK теларнасы хабарлады.

Бұл жүйе осыған дейінгі J-Alert жүйесіне ұқсас L-Alert деп аталатын болады. Тиісті қауіп-қатерлер туралы мәліметтер телевизия, радио және ұялы байланыс құралдары арқылы таратылады.

Мысалы, шетелдік туристер қауіп туындаған жағдайда жақын маңда орналасқан жертөлелелер мен азаматтарды қауіпсіз аймаққа көшірілуі туралы ақпараттарды алдын ала біле алатын болады, деп хабарлайды ТАСС.

Бұл міндетке жапондықтар 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада қарсаңында ерекше көңіл бөліп отыр. Сонымен қатар қазір ұялы байланыстар үшін арнайы мобильді қызмет түрі шығарылатындығы айтылуда. Алайда, билік өкілдері шетелдік қонақтардың қолында ұялы байланыс құралдары болмай қалған жағдайда пайдасы тиеді деген оймен ықтимал қауіп-қатерлер туралы жаппай жариялау әдісін де қолдану жағын қарастыруда.

Жапония сейсмикалық жағынан белсенді аймақта орналасқан. Сол себепті бұл ел табиғи апаттарға бейім. Жер бетіндегі зілзалалардың басым бөлігі осы жапон елінде болып тұрады. Сонымен бірге мұнда жаз, көктем мезгілдерінде тайфундар мен дауылдар жиі соғады.

Соңғы жаңалықтар