Жапондық боксшы Головкинді жеңуге уәде етті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапон боксшысы Риота Мурата  (13-1, 10 КО) қазақстандық Геннадий Головкинді (37-0-1, 33 КО) жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА  boxingscene.com сайтына сілтеме жасап.

Жексенбі күні Риота Мурата Хассан Н'Дам Н'Жикамды (36-3, 21 КО) техникалық нокаутқа жіберіп,  WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы «тұрақты» әлем чемпионы белбеуін иеленді.

Жылдың басында 2012 жылғы Олимпиада чемпионы ұпай бойынша французға есе жіберген еді. Боксшылардың реваншы Токиода өтті. Н'Дам жетінші раундтан кейін кездесуді жалғастырудан бас тартып, титулынан айырылды. 

Төреші Муратаны орта салмақтағы екінші әлем чемпионы ретінде жариялағаннан кейін, боксшы көзіне жас алған.

"Жекпе-жектің бұлай аяқталғанына таңғалдым, бірақ оның ырғақты сезініп, айқасты тезірек аяқтағысы келіп тұрғанын түсіндім. Екеуміз де шаршап қалдық, сондықтан оның аяқтағаны мен үшін сәттілік болды. Мен бұл айқаста жеңілмеуге тиіс болдым», - деді жеңісінен кейін масаттана сұхбат берген 31 жастағы Мурата.

«Бірақ бокс сүйер қауым орта салмақта менен де мықты чемпион бар екенін білуі керек, - деді Мурата жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді меңзеп. - Оны жеңу үшін барымды саламын».

Соңғы жаңалықтар