Жапон боксшысы Головкинді жекпе-жекке шақырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның Йокогаме қаласында өткен бокс кешінде итальяндық боксшы Эмануэле Феличе Бландамуруды (27-2, 5 КО) нокаутқа жіберген жапондық Риота Мурат (14-0, 11 КО) өзіне келесі қарсыласын іздеп жатыр, деп жазады Sports.kz.

Жекпе-жектен кейін Мурат келесі жолы WBA бойынша супер чемпион қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) шаршы алаңда кездескісі келетіндігін айтты.

Бұдан бұрын Мураттың промоутері Боб Арум Головкинмен жекпе-жекті 2019 жылдың қысында ұйымдастырса жақсы болатындығын айтқан болатын. 

Соңғы жаңалықтар