Жанып жатқан пәтерден 72 жастағы әже мен ер адам құтқарылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлдағы көп қабатты тұрғын үйде өрт болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

СҚО ТЖД ақпараты бойынша, таңғы сағат 5-те Бейбітшілік көшесіндегі көп қабатты тұрғын үйдің 4-қабатында өрт шыққаны туралы хабар түскен. Өрт сөндірушілерді шақырған көрішелір пәтерде адамдардың болғанын айтқан.

Құтқарушылар 26 адамды, 4 баланы эвакуациялаған. Жанып жатқан пәтердің есігін бұзып кірген. Ол жерде 72 жастағы әйел мен 44 жастағы ер адам ауыр халде табылған. Зардап шегушілер ауруханаға жеткізілді.

«Өрт салдарынан жиһаздар, жеке заттар жанып кеткен. Жалын 25 шаршы метр аумақты шарпыған. Оның себебі мен залалы анықталуда. Көрші пәтерлер зардап шекпеген. Өртті сөндіруге 3 техника мен 12 адам жұмылдырылды», - деп түсіндірді СҚО ТЖД баспасөз қызметі. 

Соңғы жаңалықтар