Жантүршігерлік жол апатынан аман қалған жігітті дәрігерлер үйіне жіберді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы дәрігерлері 3 адамның өліміне әкелген жол апатынан аман қалған жігіттің хал-жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Toyota Ipsum көлігінің 24 жастағы жүргізушісі №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген.

«Жігіттің дене мүшелерінің жұмсақ тіндері жеңіл жарақаттанған. Оған қажетті медициналық көмек көрсетілген соң амбулаторлық емдеуге үйіне жіберілді», - деді денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметінен.

Айта кету керек, жантүршігерлік жол апатының мән-жайын қазір полиция анықтап жатыр, оқиға кеше түнде болды.
Рысқұлов көшесімен оңтүстікке бет алған Mercedes-Benz қарама қарсы келе жатқан Toyota Ipsum көлігімен соқтығысқан. Салдарынан Toyota Ipsum көлігінің екі жолушысы, Mercedes-Benz жүргізушісі оқиға болған жерде қаза тапты.

«Қазіргі таңда ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Тергеу барысында бірқатар сараптама тағайындалады», - деді қалалық ІІД басқарма басшысы Рустам Абдрахманов.

Соңғы жаңалықтар