Жансейіт Түймебаев Астананың тілшілерін ОҚО-ға шақырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірде ашылған кейбір индустриялды нысандардың кейіннен неліктен тоқтап қалғандығы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Индустриялды аймақтар бойынша елімізде айрықша назар аударылып отырғанын білесіздер. Өңірде аталған аймақтарды құру кезінде шынымен де біршама кемшіліктерге жол берілді, оның ішінде электр энергиясымен қамтамасыз етуге қатысты болды. Бүгінде бұл кемшіліктерді жойып жатырмыз. Осы орайда  бұл тақырыпқа қызығушылық танытқан барлық журналистерді өңірге шақырамын. Сіздер өз кезектерініңде жобалар бойынша егжей-тегжейлі таныса алар едіңіздер», - деді Түймебаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның сөзіне қарағанда, БАДАМ индустриялды аймағындағы Карлскрона, Қазкиоти бойынша кейбір кемшіліктер болды. Қазіргі кезде бұл нысандар жұмыс істеуде.

Соңғы жаңалықтар