Жанмұрат Сейілов Қызылорда қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы болып тағайындалды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат -Қызылорда қаласы әкімінің  өкімімен Сейілов Жанмұрат Жақсымұратұлы қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

Жанмұрат Жақсымұратұлы, 1985 жылы 29 қазанда Жамбыл облысында дүниеге келген.

Жоғары білімді: М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде тарих, құқық және экономика негіздері және Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде мемлекеттік басқару мамандықтары бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2007 жылы Қызылорда облысы әкімі аппаратының инспекторы қызметінен бастаған.

2008-2011 жж. Қызылорда облысы, Балалардың құқықтарын қорғау департаментінде бас маман;

2011-2013 жж. Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасында бас маман;

2013 жылдан осы кезге дейін Қызылорда қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы - қала әкімі орынбасарының көмекшісі, қала әкімінің көмекшісі қызметтерін атқарған.

Соңғы жаңалықтар