Жанкүйерлері аз болған футбол клубына айыппұл салынды

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Испандық Ла Лиганың басшылығы «Сельтаға» (Виго)  өз алаңындағы матчтарға келушілер саны тым төмен болғандығына байланысты айыппұл салды. 

Бұл жайлы MKTesportivo хабарлайды. «Сельтаның» бірінші өз алаңындағы матчы кезінде трибунада 16,9 мың жанкүйер болған, екінші матчта - 17,4 мың, ал, арена 32,5 мың адамға арналған. Бұл жағдайдан кейін клубтың билет бағасын 40 еуроға дейін түсіруіне тура келді.

Лига ережелері бойынша, телеарналар арқылы тікелей трансляция жасалатын матч кезінде клуб стадиондары кем дегенде 70 пайыз толуы керек. Бұл испан футболының нарықтағы беделін сақтап қалу үшін жасалған.

 «Сельта» Ла Лиганың турнирлік кестесінде 17-інші орында. 

Фото: Reuters Staff/ Reuters

Соңғы жаңалықтар