Жанкүйерлер Уорд - Ковалёвтің емес, Головкин - Канелоның айқасын күтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ESPN шолушысы әрі комментатор Макс Келлерман бокс жанкүйерлеріне қай жекпе-жекті - Геннадий Головкиннің Саул Альварес «Канеломен» әлде Андре Уордтың Сергей Ковалёвпен айқасын көргісі келетіндіктерін анықтауды ұсынды, деп жазады Sports.kz.

Сәйкес дауыстарды Келлеран өзінің твиттерінде жариялады. Бр тәуліктің ішінде  оған 3 мың адам қатысты. Жанкүйерлердің көпшілігі - 81% - рингте GGG  және Канелоны көргісі келеді, тек 19% респондент ғана  Уорд - Ковалёвтің айқасына басымдық берген.

Ковалёв (30-0-1, 26 КО)  пен Уордтың (30-0, 15 КО) жекпе-жегі 19 қарашада Лас-Вегаста өткізіледі. Олардың жеңгені жартылай ауыр салмақта WBA, IBF және WBO нұсқасы бойынша белбеудің иегері атанады.

Соңғы жаңалықтар